Қостанай облысында үшем дүниеге келді

Қаңтар 30, 2026 - 11:09
 0  39
Қостанай облысында үшем дүниеге келді
Фото: kazinform

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Sadaq.kz

Бұл облыста соңғы үш жылда тұңғыш рет дүниеге келген үшем.

Жаңа туған сәбилердің анасы – 31 жаста. Шарапиевтер әулетінде бұған дейін үш ұл өсіп жатқан еді, енді бұл отбасы бір мезетте үш қызбен толықты.

Екі қыздың салмағы — 2600 грамм, үшіншісі 2300 грамм болды. Жаңа туған нәрестелердің бойы — 49 сантиметр. Облыстық аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, ана мен балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0