Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Қостанайда еріктілер, полиция қызметкерлері және құтқарушылар бір апта іздеген 17 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру кезінде полиция қызметкерлері Владимир Орелдің денесін Гагарин бөгетінің жанындағы қамыс алқабынан тапты. Оның мәйітінен ешқандай қылмыс белгілері анықталмады.
Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0