Қостанайда жол апатынан бір адам қаза тауып, төр адам жарақат алды

Тамыз 3, 2026 - 10:59
chat_bubble  0 visibility  6
Қостанайда жол апатынан бір адам қаза тауып, төр адам жарақат алды
Фото: Қостанай облыстық ПД

Қостанай облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Көлік аударылып, бір адам қаза тапты, тағы төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қостанай облысының Науырзым ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көлік аударылып, салдарынан бір адам көз жұмды, тағы төрт адам түрлі жарақат алды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2 тамыз күні таңғы сағат 09:30 шамасында Қараменді ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, JAC S3 Pro автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі кюветке түсіп, аударылған.

Оқиға салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жол апатына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен апаттың себептері анықталып жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ жол мен ауа райы жағдайын міндетті түрде ескеруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0