«Көз жасымды тия алмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Арман Дүйсенов туралы айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram-парақшасында Баян Алагөзованың шоуы туралы айтып, марқұм сазгер Арман Дүйсеновті есіне алды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ол концерттен ерекше әсер алғанын атап өтті.
«Баян Алагөзованың Астанада #Queenшоу-ы өтті. Барғандардың тамсанғаны, кейбірінің Алматыда өткенмен салыстырғанының өзі бөлек әңгіме. Кәсіби музыка, жарық, дыбыстан басқа Арман Дүйсеновтың "Туған жер" әнінің шығу тарихына тоқталғанда, көз жасымды тия алмадым. Сүртейін десем, орамал алмаппын.
Ешкім көріп қоймасын дегендей қолыммен қайта-қайта бетімді сипап қоям. Себебі, құран бағыштауға Қайрекеңнің басына барған сайын, мазаратының қасынан Арман мен ұлының жатқан жерін көреміз.
Соңғы рет барғанда да, қарап тұрып, жүрегімнің сыздағаны-ай Кезінде жақын араласқан Арманды, ұлын "Алла тағала панасына алсын" деп дұғамызға қостық. Кеше Баян Арекеңді көрсетіп, еңбегін елеп, құрметін білдіргенде, сол бір Кеңсайдағы көрініс көз алдыма келе берді.
Бәріміздің баратын жеріміз ғой, осы қасиетті айда әрқайсымыздың жақынымызға бағышталған дұға, оқылған құранымыз қабыл болсыншы Өмір деген сондай қысқа, бір-бірімізге мейірімді, қамқор болып, қолдап жүрейікші», деп жазды журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?






