Криштиану Роналду 10 жылдан кейін балаларының анасына үйленді (ВИДЕО)
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен аргентиналық-испандық модель Джорджина Родригес некеге тұрғандарын жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Жұп Instagram желісіндегі парақшаларында ортақ жазба жариялады. Фотода Роналду мен Родригестің неке жүзігін таққан қолы бейнеленген.
Роналду Джорджинаға 2025 жылдың тамызында үйленуге ұсыныс жасаған. Бұған дейін жұп үйлену тойын жақын адамдардың қатысуымен шағын форматта өткізуді жоспарлағаны хабарланған.
Биыл тамыз айында бұқаралық ақпарат құралдары олардың үйлену тойына қатысты мәліметтер таратқан. Ақпарат бойынша, Роналду мен Родригес футболшының туған жері Мадейра аралындағы ең ірі қала Фуншалдағы шіркеулердің бірінде некелерін қиюы тиіс болған.
Белгіленген күні аталған орынға көп адам жиналған. Алайда кейін бұл жерге Роналду мен Родригес емес, басқа жас жұбайлардың келгені белгілі болды.
Енді футболшы мен модель ресми түрде некеге тұрғандарын әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы растады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0