«Күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіріп жатыр»: Ұланғасыр Қами әйеліне хиджаб киюді міндеттейтінін айтты (ВИДЕО)

Шілде 22, 2024 - 15:12
Шілде 22, 2024 - 15:20
«Күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіріп жатыр»: Ұланғасыр Қами әйеліне хиджаб киюді міндеттейтінін айтты (ВИДЕО)

Жас әнші Ұланғасыр Қами болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты.  Әнші еркектер әйелін хиджаб кимегені үшін өлтірді деген мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме, шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, чао деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді – дейді әнші.

Ол «неге хиджаб кигізесің?» деген сұраққа да жауабы дайын екенін айтты.

Ер дам өзіне жауапкершілік алады ғой... Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, - дейді Ұланғасыр Қами.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Резерв Страница (@abdulla_kz_kz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow