«Құдай сақтады»: Еркебұлан Тоқтар жол апатына ұшырады

Мамыр 15, 2026 - 13:29
chat_bubble  0 visibility  1
«Құдай сақтады»: Еркебұлан Тоқтар жол апатына ұшырады
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал актер, файтер Еркебұлан Тоқтар жол апатына ұшырады, деп хабарлайды  Sadaq.kz. 

Бұл туралы актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оқиға кеше болған. Зардап шеккендер жоқ. Бейнежазбаға сүйенсек, актер тізгіндеген мотоцикл көлікпен соқтығысқан. Ол көлік жүргізушісіне материалдық шығынды өтегенін айтты.

Еркебұлан Тоқтар бұл жағдайдан сабақ алғанын, абайлап жүру керегін жеткізді.

"Құдай сақтады. Алла тағала "Еркебұлан, азартына кірме" дегендей болды. "Жол апаты қалай болғанын түсінбей қаласың" деп жай көрсетті. Мотоциклмен арасында сенбі-жексенбіде, көлік аз кезде асықпай бір айналып келу керек. Азартына кіріп бара жатқан едім. Күнде шығып кеттім. Көлікке мінбей қойдым. Байқап жүру керек", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0