Күйеуі атқа сүйреп өлтірген Айзат Жұманованың соққыдан кейін ауруханаға түскендегі кадрлары көрсетілді
Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот процесі барысында оның ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілгенін көрсететін бейнежазба ұсынылды. Кадрларда әйелдің ес-түссіз күйде болғаны, дәрігерлер тарапынан реанимациялық шаралар жасалмағаны байқалады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бейнежазбада Айзаттың мүгедектер арбасымен әкелінгені көрінеді. Алғашында әйел еш қимылсыз жатыр, біраз уақыттан кейін күйеуі оның маңдайынан сүйіп, кетіп қалады. Кейін дәлізде енесі пайда болып, оның аяқтарын уқалап, басын қозғап, ұлымен бірге бетін дымқыл шүберекпен сүртеді.
Тағы оқыңыз: «Ұрып-соғып, атпен сүйреген»: Айзат Жұманованың күйеуі әкесінің көлігінде асылып қалмақ болған
Тергеу нұсқасы бойынша, 21-нен 22 маусымға қараған түні оның күйеуі Айбар Жанболат әйелін үйінің маңында аяусыз соққыға жыққан. Туыстарының айтуынша, ол әйелін атқа байлап, сүйреуі де мүмкін. Соққыдан кейін ол Айзатты Талдықорған облыстық ауруханасына апарған, алайда әйел кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған. Тергеу қылмыстың себебі қызғаныш дейді, ал қайғылы оқиға болған күні марқұмның күйеуі мас болған.
Қайтыс болған әйелдің анасы қызының қайтыс болғаны туралы отбасыға тек таңертең хабарланғанын, ал Айзаттың шамамен түнгі үштер шамасында көз жұмғанын айтты. Оның сөзінше, Айзат бұған дейін күйеуінің агрессивті мінез-құлқына шағымданған.
Тағы оқыңыз: «Алтын келін болды»: Әйелін ат құйрығына байлап өлтірген күдіктінің туысы ағынан жарылды (ВИДЕО)
Сонымен қатар, әйелдің өлімі тек соққы салдарынан ғана емес, дер кезінде көрсетілмеген медициналық көмектің салдарынан болуы да мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Сотта бейнежазбада баяу әрекет еткен медицина қызметкерлерінің жұмысы да бағалануы ықтимал.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0