«Жылап, ұрмауын сұраған»: Талдықорғанда «әйелін атпен сүйреп өлтірді» деген адамның соты өтіп жатыр

Қараша 27, 2025 - 14:21
«Жылап, ұрмауын сұраған»: Талдықорғанда «әйелін атпен сүйреп өлтірді» деген адамның соты өтіп жатыр
фото: әлеуметтік желіден

Талдықорған қаласының Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында Айзат Жұманованы азаптап өлтірген күйеуі Айбар Жанболатқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот отырысында прокурор күдікті 99-баптың 1-бөлігі бойынша айыпталып отырғанын жеткізді.

«Айбар Жанболат Айзат Жұманованың өзге адаммен телефонмен сөйлескенін есіне түсіріп қызғанып, оны өлтіру жайлы арам ойын жүзеге асырмақ болған. 22 маусымда масаң күйде спортпен шұғылданғанын пайдаланған Айбар қасқана ойын жүзеге асыру үшін әйелі Айзатты Баласаз ауылында ұрып-соғады. Әйелі жылап, ұрмауын сұраған. Алайда күдікті оған қарамай бас тұсынан ұрып, есінен тандырған. Есінен танып қалған әйелін одан әрі ұра берген. Жедел жәрдем шақырмай, ол түнгі 2:30-да ғана Талдықорған ауруханасына жеткізген. Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмды», - дейді прокурор Нұрлан Билібеков.

Алдын ала отырыста келесі сот отырысы 5 желтоқсанда болатыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow