Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің соққы көргені рас па – министр жауабы

Ақпан 27, 2025 - 20:33
Ақпан 27, 2025 - 20:36
Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің соққы көргені рас па – министр жауабы

Күні кеше Астанадағы көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіде 5 жасар баланы пышақтаған 14 жастағы жасөспірімнің арнайы орталықтағы санитарлар тарапынан әлімжеттікке ұшырап, таяқ жегені туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлады Sadaq.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

– Оқиға орнына арнайы комиссия барды. Аталған факті расталмады, бірақ әкімшілік бұл жағдайға объективті баға беруге мүдделі. Сондықтан сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша қосымша түсінікте береміз, – деді Ақмарал Әлназарова аталған жайтқа қатысты түсінік бере тұрып. 

Министрдің айтуынша, болған жайтқа қатысты алдын ала мәліметтер бойынша факті расталмады. 

Еске сала кетейік, бұл жасөспірім Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтте бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған болатын. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Кейіннен жасөспірімнің шизофрения диагнозымен психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталып, оқшауландырылған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow