Маңғыстау облысында жеңіл көлік жылқымен соқтығысып, екі адам қаза тапты

Қазан 28, 2025 - 14:55
 0  19
Маңғыстау облысында жеңіл көлік жылқымен соқтығысып, екі адам қаза тапты
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысында Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында екі көлік жылқымен соқтығысты, - деп хабарлайды Sadaq.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға туралы ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растаған. Ведомство өкілдері 26 қазанда таңғы сағат 7:30-да кезекші бөлімге жол апаты туралы хабар түскенін айтты.

"Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де инерциямен сол жануарға соғылған", – делінген хабарламада.

Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны нақтыланды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0