Маңғыстауда 16 баладан А гепатиті анықталды

Сәуір 27, 2025 - 14:43
 0  45
Маңғыстауда 16 баладан А гепатиті анықталды

Маңғыстау өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасова жыл басынан бері А гепатитінің 20 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Гүлшат Шорбасованың айтуынша, ауру көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеген.

2024 жылдың алғашқы үш айында өңірде 29 адамнан А гепатиті анықталған, оның 16-сы балалар.

Гүлшат Шорбасованың сөзінше, көбінесе бұл ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Ауру деректері барлық қала мен аудандарда тіркелген, тек Бейнеу ауданынан басқа.

"Қарақия ауданында 10 бала ауырған. Жаңаөзенде 3 бала, ал Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді, – деді маман.

Сондай-ақ дәрігер сырқаттанған балалардың жартысы вакцина алмағанын атап өтті.

"А гепатитінен қорғанудың ең тиімді жолы - алдын ала вакцина салдыру. Екі жасқа толған балалар мен бұған дейін екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар иммундауға жатады. Қытайдың "Хеолайф" вакцинасы екі кезеңнен тұрады: алғашқысы мен екіншісі арасында алты ай үзіліс болады. Жыл сайын Маңғыстау облысында 18 мың балаға вакцина салынады, – дейді дәрігер.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0