«Машина былай тұрсын, самолет мінемін»: Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға шүйлікті

Тамыз 19, 2025 - 15:30
Тамыз 19, 2025 - 16:06
«Машина былай тұрсын, самолет мінемін»: Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға шүйлікті
фото: әлеуметтік желіден

Мұқтаж адамдарға баспана алып беремін деп басы дауға қалған Ырысбала Икрамбай тағы да желіні шулатты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Волонтер Перизат Қайрат ұсталғаннан кейін желі қолданушылары халықтан ақша жинап мұқтаждарға үй алып берумен айналысқан Ырысбала Икрамбайды тексеру керегін жазған еді. Көпшілік блогерді елден жиналған ақшаға шалқып өмір сүріп жүр деп топшылаған.

"Мына қаралым санын қараңыздар. Каспи дүкенінде тауар сатқаныма 4 күн ғана болды. "Үздік сатушы" статусын алып беріп отырсыздар", - деді ол инстаграмдағы статистикасын көрсетіп.

Осыдан кейін халықтың арқасында ұшақ міну жоспарында барын айта кетті.

"Ырысбала халықтың арқасында байып, семіріп алды дейтіндер іштерің күйсе тұз жалаңдар. Машина мінген былай тұрсын халықтың арқасында самолет мінемін", - деп әзілдеді блогер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow