Тыйым қайда қалды?: журналист әнші Айдана Меденованың қызының мектепке хиджабпен барғанын айтып, шу шығарды

Белгілі журналист Жазира Бегалы әнші Айдана Меденованың қызының мектепке хиджабпен барғанын айтып, шу шығарды, деп хабарлады sadaq.kz.
Журналистің айтуынша, елімізде мектепке діни киім киюге болмайды деген тыйым бар. Алайда белгілі адамның баласына бұлайша артықшылық беру балалардың құқын бұзу болып есептеледі. Осылай деп атап өткен журналист Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жасады.
“Әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желілерде бейнежазбасы жария болды. Қызы хиджаб киіп, мектепке кедергісіз кірді. Тыйым қайда?! Бұл Оқу-ағарту министрлігіне сұрақ. Ал қарапайым адамның баласын мектепке жолатпай, “Рұқсат жоқ” деген заңды әке-шешесінің бетіне басып, оқушыны білім ордасынан қуып шығады. Мен кәмелет жасқа толмаған баланың хиджаб кигенін қолдамаймын. Министрлікке сұрағым бар. Заң мен талап – баршаға ортақ. Атақты адамның баласына хиджаб киюге неге ешкім тыйым салмайды?! Ал қарапайым жандардың жүйкесін мұғалімдер мүжиді. Әділдік қайда?! Ата-анасы атақты балаға хиджаб киюге рұқсат беру бұл алалау емес пе?! Министрлік балалардың құқығын бұзуға неге жол берген?! Заң баршаға ортақ болу керек”, – деп жазған журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?






