Мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан 9 адам қаза тапты

Австрия мектебіне жасалған қарулы шабуылдан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
BILD жазуынша, бүгін таңертеңгі сағат 10.00 шамасында Грац қаласындағы федералды BORG мектебінде атыс болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9 адам көз жұмды. Олардың ішінде бесінші сынып оқитын төрт қыз, сегізінші сынып оқитын үш ұл бар.
Қарумен келіп, балаларды атып тастаған күдікті сол мектептің оқушысы болып шыққан. Ол кейбір балаларды көшеде кетіп бара жатқан жерінен өлтірген.
Австриялық ETF телеарнасының мәліметінше, күдікті қару алып келіп адамдарға оқ атқаннан кейін дәретханада өз-өзін өлтірген. Бірнеше оқушы мен мұғалім жараланған.
Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ Cobra арнайы бөлімшесінің жауынгерлері келген.
Оқушының мұндай қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз. Krone басылымының мәліметінше, оған қатарластарының мазақ еткені себеп болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






