Мемлекет басшысы Путинге көңіл айтты

Шілде 24, 2025 - 17:17
Мемлекет басшысы Путинге көңіл айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейдің Амур облысында ұшақ апатқа ұшырап, 49 адам қаза тапты.

 Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 49 адам болған: 43 жолаушы, оның ішінде 5 бала, және 6 экипаж мүшесі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow