Мемлекет басшысы түрмеде отырғандарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Наурыз 14, 2025 - 17:42
Мемлекет басшысы түрмеде отырғандарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Фото: Pixabay.com

Бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев түрмеде отырған әйелдерге қатысты маңызды пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Президенттің айтуынша, оған белгілі адвокат Айман Омарова хат жолдаған. Адвокат өз хатында әйелдер колониясындағы ахуалды, соның ішінде, жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар әйелдердің жағдайына баса назар аударған екен.

«Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты сотталған азаматтарды жазалау емес, түзету болуы керек деген пікірмен келісемін. Ер адам немесе әйел болсын, бас бостандығынан айырылғандардың бәрі заң алдында бірдей екені түсінікті. Дегенмен адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтай отырып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауға болады деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары мен депутаттар осы мәселені байыпты әрі жан-жақты зерттеп, шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізуі керек», - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow