«Мемлекеттік құпияны ашып берген»: Қорғаныс министрінің не үшін қызметтен қуылғаны белгілі болды

Бұл оқиға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде үлкен дау тудырды, Р.Жақсылықовтың біліксіздігі, «мемлекеттік құпияны» жариялап жіберуі мәселесі күн тәртібіне сол кезде қойылған.

Маусым 12, 2025 - 15:49
Маусым 12, 2025 - 15:49
«Мемлекеттік құпияны ашып берген»: Қорғаныс министрінің не үшін қызметтен қуылғаны белгілі болды
Руслан Жақсылықов неге Қорғаныс министрі қызметінен қуылды?
Ол «мемлекеттік құпияны шашты» ма?
Президент Қ.Тоқаевтың Руслан Жақсылықовты неге Қорғаныс министрі қызметінен алып тастағанын жұрт түсінбей жатыр. «Ол қазір үйқамақта екен, оны тергеп-тексеріп жатыр» деген сыпсың сөз де айтылып қалды. Мұндайда «Р.Жақсылықов неге жазықты болды?» деген сұрақтың туатын анық.
Мен осы сұрақтың жауабын іздеп Ақорда жақта жүрген құпия дереккөзіме хабарластым. Оның айтуынша, Р.Жақсылықов сәуір айында БҰҰ жанындағы Қазақстанның бітімгерлік миссиясының әскери қызметкерлерін мемлекеттік марапатқа ұсыну кезінде «мемлекеттік құпияны» ашып қойған. Мысалы, Серик Аскарович Нурумов БҰҰ-дағы Қазақстан Қорғаныс министрілігінің әскери өкілінің орынбасары қызметін атқарады. Бұл – жария ақпарат.
Сондай-ақ С.Нурумов ҚР Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының (БББ) құпияланған қызметкері тұғын. Шетелде әскери барлау ісімен шұғылданатын мұндай адамның шынайы өмірбаяны мен қызметі айтылмайды. Тіпті орден-медаль және әскери шен оларға құпия жағдайда табысталады.
«Ал Руслан Жақсылықов сәуір айының ортасында марапатталатын әскерилердің тізіміне Серик Нурумовты құпия лауазымымен қоса жазып жіберді. Бұл оқиға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде үлкен дау тудырды. Р. Жақсылықовтың біліксіздігі, «мемлекеттік құпияны» жариялап жіберуі мәселесі күн тәртібіне сол кезде қойылған. Мұның соңы Р.Жақсылықовтың қызметімен қоштасуына ұласты» деді дереккөз.
Журналист Ораз Әлімбектің facebook парақшасынан 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow