«Мені құл болуға шақырады»: Нұртас Адамбайдың әйелі жазбасымен көпті ойландырып қойды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде белгілі актер, режиссер Нұртас Адамбайдың әйелі Ғалия Адамбайдың «Алланың құлы» тіркесіне қатысты жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Автордың айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы «құл» сөзін ауыр қабылдап келгенін, еркіндігін шектейтін ұғым деп түсінгенін жазған.
«Өмір бойы біреудің қалауын орындап келдім, ойымды еркін айтуға қорқып жүрдім. Ал енді дін тағы да мені құл болуға шақырады. Бұл неткен сенім?», – деп бөліскен ол алғашқы әсерімен.
Алайда кейінірек зерттей келе, «Алланың құлы» болудың мәнін түсінгенін айтады.
«Әрбір адам өмірінде бір нәрсенің «құлы» болатынын, біреулер байлыққа, біреулер бала-шағаға, енді біреулер құмарлықтарына тәуелді екенін, ал кейбіреулер сол құлдықтан арылуға тырысатынын атап өтті. Әркімнің өз жолы бар. Ешқандай талқылау жоқ. Барлығы әдемі үйлесімде», – деп түйіндеді ол.
Бұл ой әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі жазбаны терең ойға жетелейтін көзқарас деп бағаласа, енді бірі дінге қатысты жеке қабылдауды дұрыс түсіну қажеттігін алға тартты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






