«Менің не қатысым бар?»: Индира Елемес Арман Дүйсеновтің өлімінен хабарсыз екенін айтты (ФОТО)
Танымал әнші Индира Елемес Арман Дүйсеновтің өлімі жайлы айтып басы дауға қалған еді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзі туралы қауесеттің барлығын жоққа шығарды, деп хабарлайды sadaq.kz.
"Күлкім келеді комменттерді оқып, қандай өсек, қарғау т.б. құмарсыздар. КТК арнасынан, "Астарлы ақиқаттан" сұраңыздар сол кісілер жалынып отырып алды студияға келмеймін десем де. 3 сағаттан аса күтіп отырған мені. Ол кісінің өлімін маған не керегі бар айтып, барлық әншілер біледі қозғап қайтесіздер деген сұрақ қойдым. "Жоқ, халық білмейді Арман Дүйсеновтің қайда өмірден өткенін" деп жауап берді. Өз отбасы бар сол кісілерден сұраңыздар дедім. Әйелінен рұқсат алдыңыздар ма дегенде "иә" деп жауап берді. Айтпаған нәрсені айтты деп былықтырып алып өшіріп тастапты ол материалды. Бүкіл материалды шығарсын, көрсетсін халыққа! Жетер маған ғайбат жазып! Араларында болған ақша мәселесінен мен хабарсызбын! Иманмади бір тиын алмадым, керісінше ол маған қарыз деді. Менің не қатысым бар Иманмади, Айсұлу, Арман ағаның жұмыстарына. Әр адам өзіне жауап берсін Айсұлу ханым интервьюда айтты ма мені білді, көрді деп? Осы күнге дейін қанша портал, БАҚ жауап беріңіз деп тағы хайп жинағысы келеді, мен ешкімге интервью бермеймін, ақталу маған керек емес. Өз былықтарына өздері жауап берсін. Бұрынғы студиямда бірде-бір әнші қонып көрмеген, тұрмақ түгілі. Ол ән жазылатын студия, ұйықтайтын жер емес", деп жазды ол өзінің парақшасында.
Сіздің реакцияңыз?
Сіздің реакцияңыз қандай?