«Менің түбіме жету»: Айгүл Иманбаева үйінен дуаланған заттар тапты (ВИДЕО)
Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде видео жариялап, көпшілікті алаңдатып қойды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі үйінің маңынан күмәнді, сиқырланған заттар табылғанын айтып, мұндай жағдайдың бір жылдан бері жалғасып келе жатқанын жеткізді.
«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, жүрек бәрібір де сезеді. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей- ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?», – деп жазды әнші.
Бұған дейін де өнер иесі өзіне қатысты түсініксіз жағдайлардың орын алып жатқанын айтып, оқырмандарымен бөліскен болатын.
«Бұл адамдардың мақсаты – менің түбіме жету екенін түсінемін. Бірақ өздерінің үрім-бұтағына балта шауып жатқандарын олар түсіне ме екен?!»,– деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, пікірлерін жазды.
«Масқара», «Мынау сұмдық қой», «Қалай Құдайдан қорықпайды екен?», «Кеселдінің кеселінен сақтасын», «Не деген зұлымдық», «Құдай сақтасын», – деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0