Мешітте азан шақырады: Бас имам әкесін ұрған адамға қатысты мәлімдеме жасады

Қыркүйек 9, 2025 - 09:33
Қыркүйек 9, 2025 - 10:24
Мешітте азан шақырады: Бас имам әкесін ұрған адамға қатысты мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облысының бас имамы әкесін соққыға жықты деп күдікке ілінген ер адамға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасады.

Бұған дейін күдіктінің мешітте қызмет ететіні туралы ақпарат тараған болатын. 

Өңірдің бас имамы Ержан Төлеповтің жазуынша, желіде тарап жатқан бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Ресми түрде мәлімдейміз: Аталған азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкері емес. Ол мешітте ешқашан азан айтпаған және ресми діни қызмет атқармаған. Оның қызметі дін саласына қатысы жоқ, қосымша той жүргізуші (тамада). Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай әрекеттерді қатаң айыптайды. Сонымен бірге, ата-анаға құрмет — әрбір мұсылманның басты міндеті екенін қалың жұртшылықтың есіне салады», — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow