«Мешіттегі төбелес»: Имам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Таяқ жеген адам ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзуға, имамның жұмысына кедергі жасаған.

Мамыр 15, 2024 - 10:06
Мамыр 15, 2024 - 10:07
«Мешіттегі төбелес»: Имам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Әлеуметтік желіде мешітте намаз оқып тұрған ер адамды соққыға жыққан тұрғынның видеосы тарады. Ал құқық бұзушылық болған мешіт имамы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп жазады otyrar.kz. 

Бүгінде оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр. 

Жалпы мешіттегі намаз оқу ережесі қандай?

Шымкентте өзге мәзһабта намаз оқыған ер адам соққыға жығылды. Оқиға қаладағы Абдуссаттар Сманов мешітінде болған. Видеодан мешітте намаз оқып жатқан жамағатты көруге болады. Бір сәтте ер адам күтпеген жерден қасында тұрған азаматты ұрып құлатып, аяғымен тепкілей бастайды. Мешіт имамы бұл оқиғаның мән жайын түсіндірді.

«Өзге өңірден келген 10-15 шақты азаматқа намаз алдында имам бірнеше рет ескерту жасаған. Бізде ҚМДБ бойынша, ішкі тәртіп бойынша бүкіл Қазақстан аумағында Ханафи мәзһабында «әминді» іштен айтылады деп ескертілді. Және де осы ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзуға, имамның жұмысына кедергі жасаған азаматқа шыдай алмаған жамағатымыз оны қатты эмоцияға беріліп, қол жұмсап жіберді», дейді Абдуссаттар Сманов мешітінің имамы Берік Шотабеков. 

Бүгінде оқиғаның мән жайын полиция тексеріп жатыр. Белгілі болғандай бұл жағдай 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.

«Оқиға қатысушылары полицияға арызданды. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады», -дейді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады. Ескерте кетсек, бекітілген «Мешіт ережесі» бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін еліміздегі намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow