«Міндетін дұрыс атқармаған»: Талғар қаласының әкімі қызметінен қуылды

Қазан 15, 2024 - 12:55
 0  171
«Міндетін дұрыс атқармаған»: Талғар қаласының әкімі қызметінен қуылды
Фото: Pixabay.com

Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметтен кетті, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 2024 жылғы 15 қазанда Талғар ауданы әкімдігінің хабарламасында белгілі болды.

Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — деп жазылған ресми ақпаратта.

Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда.

Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері басқарып келеді. Сайлау алдында «Аманат» партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0