Депутат кейбір министрліктерді біріктіріп, мемқызметкерлерді қысқартуды ұсынды

Маусым 30, 2025 - 12:26
Маусым 30, 2025 - 12:50
Депутат кейбір министрліктерді біріктіріп, мемқызметкерлерді қысқартуды ұсынды
Фото: gov.kz

Депутат Бақытжан Базарбек цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту керек екенін айтты, деп sadaq.kz.

Бақытжан Базарбекің пікірінше, үнемднеп қысқартуды бүгіннен бастау керек. 

"Жасанды интеллект аясында, мемлекеттік қызмет - бәрін цифрландыру аясында біртіндеп-біртіндеп, 2026 жылдан бастап толығымен мемлекеттік аппаратты қысқартуымыз керек. Одан барлығы қорқады, Үкімет те қорқады. 2026 жылдан бастап мемлекеттің шығындарын қысқартпасақ, үлкен қарызымыз ертең бізді қысып отырады. Сондықтан біртіндеп "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", одан кейін Бәйтерек ұлттық компанияларының әкімшілік аппаратын қысқартуымыз керек", - деді ол.

Депутат бұл процесте министрліктер де шет қалмау керек екенін жеткізді.

"Министрліктерді дереу қысқартуымыз керек. Екі-үш министрлікті біріктіру керек. Кішкентай ғана саны бар Қазақстан Республикасына осыншама министрлік қажет емес. Мысалы Су министрлігі мен Экология министрлігін қоса салуға болады. Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігін қоса салуға болады. Индустрия министрлігі мен Өнеркәсіп, Көлік министрлігін қоса салуға болады. Әрбір министрдің кемінде бес-алты орынбасары бар. Ол орынбасарлардың санын кемінде екеу қалдыру керек, төрт орынбасарды қысқарту қажет. Басқаша айтқанда, шығынды азайтуымыз керек", - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow