«Мүгедек бала жүргіш анадан туады»: Блогер оқырмандарынан өзіне тағылған айыппұлды төлеп беруін өтінді
Әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын қорлаған блогер халықтан өзіне тағылған айыппұлды төлеуге көмектесуді сұрап отыр, деп жазады Sadaq.kz
Бұған дейін Астана полициясы блогерді «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілікке тартып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салған еді.
Тағы оқыңыз: «Мүгедек бала жүргіш анадан туады»: Астаналық блогер жауапқа тартылды
Гүлнара өз кінәсін мойындамайтынын және ешбір баланы, соның ішінде науқас балаларды ренжітпегенін алға тартып, тек «балалардың ауруының бір белгісін зерттегенін» айтады.
«Кім дұрыс түсінбеген болса, сіздер түсінуілеріңіз керек, мен балалардағы аурудың бір белгісін зерттедім, талдадым және акцентті азғындыққа, ретсіз жыныстық қатынасқа қойдым. Ал босану кезіндегі жарақат немесе жазатайым жағдайға тап болғандарға қатысы жоқ», - дейді ол.
Сонымен қатар блогер жеке парақшасында жазылушыларынан өзіне тағылған айыппұлды өтеуге көмектесуді сұраған.
«Мені қолдайтындар болса, төменде Kaspi шоты көрсетілген. Қаржылай қолдай аласыздар. Кім менің әкімшілік айыппұлымды жапқысы келсе, сол адамға қатты риза болар едім», дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0