«Мүгедек бала жүргіш анадан туады»: Астаналық блогер жауапқа тартылды

Желтоқсан 2, 2025 - 12:30
 0  0
«Мүгедек бала жүргіш анадан туады»: Астаналық блогер жауапқа тартылды
Фото: видеодан скрин

Астана полициясы әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын қорлаған блогерді ұстады. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдарды сотқа жолдауға дайындап жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.

Еске сала кетсек, даулы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Әйел өз бейнежазбасында ерекше балалардың дүниеге келуін «азғындық» және ата-анасына жіберілген «жаза» деп айтқан. Бұл ерекше бала өсіріп отырған ата-аналардың  наразылығын тудырды. 

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева видеоға қатысты Ішкі істер министрлігіне құқықтық баға беруді сұрап, өтініш жіберген.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

— Блогердің ерекше балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздері бар бейнежазбаны интернет кеңістігінде тарату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жарияланым авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналды, олар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, — деп хабарлады полиция.

Астана қаласы полиция департаменті интернетте қорлайтын материалдарды таратқан адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланатынын еске салды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0