Әнші Мұқасан Шахзадаев қамауға алынды

Қараша 25, 2025 - 21:10
Қараша 25, 2025 - 21:21
Әнші Мұқасан Шахзадаев қамауға алынды

Желіде "Нұр-Мұқасан" тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев қамауға алынды деген ақпарат тарады. 

Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев хабарлады.

"Қайырлы күн, қасқыр мінез қазағым! Күні кеше бізге Мұқасан Шахзадаевтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Ғалымжан мырза да соңына дейін барамыз деп отыр. Мен оның әрекетін дұрыс деп санаймын. Сондай-ақ оның әділдікке жетуіне барымызды саламыз. Сіздерден де қолдау керек, қазақ елі", - деп жазған Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Мұқасанның жас әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жыққаны айтылған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow