«Намаз оқитындар»: Қарағандыдағы 15 жастағы қыздарын күштеп тұрмысқа берген отбасы туралы деректер белгілі болды
Олар өзін мұсылмандармыз деп атайды, бірақ олардың исламмен ешқандай байланысы жоқ.

Қарағанды облысында 15 жастағы қызды өгей әкесі 38 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа бергені туралы ақпарат тараған еді.
«НеМолчи» қорының мәлімдеуінше, сұмдық оқиға Қарағанды обылысына қарасты Абай қаласында болған. Өгей әкесі 15 жастағы қызды 38 жастағы досына күштеп тұрмысқа берген. Досы қызды бес күн бойы зорлаған көрінеді. Бесінші күні қыз үйден қашып шығып, туған әкесінің үйіне барған.
stan.kz басылымының жазуынша, қорлық көрген қыздың ата-анасы бұрын ажырасып кеткен. Анасы мен өгей әкесінің қолында тұрған. Мектепке бармайды, 9-сыныпты онлайн оқыған.
«Әкесі жұмыс істейді, әрқашан балаларына қамқор болды. Қызы оны өте жақсы көреді, олар үнемі байланыста болды. Ол жиі әкесінің үйіне келіп тұратын. Қашып кеткен күні де ол бірден әкесінің үйіне барған", – дейді қыздың туысы.
Туысының айтуынша, қыздың анасы мен өгей әкесі діни адамдар болған.
«Мен олардың кім екенін білемін. Олар радикалдар. Олар үшін адам намаз оқымаса, оны имансыз деп санайды. Олар өзін мұсылмандармыз деп атайды, бірақ олардың исламмен ешқандай байланысы жоқ. Екінші некеде онымен не болғанын білмеймін, бірақ өгей әкесінің мұндай әрекет жасауға құқығы жоқ", – деп ашуланады ер адам.
Бес күндік зорлық-зомбылықтан кейін қыз "күйеуіне" үйіне барып, заттарын алып келуі керек екенін айтқан. Үйден шыға салысымен бірден әкесіне қашып барған.
Айта кетсек, Қарағанды облысының полиция департаментінің аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“15 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті сот сараптамалары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған жәбірленушімен психологтар жұмыс жасауда", – делінген хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






