«Нәтижесін келесі аптада баяндаймын»: Руслан Өтепбай Атыраудағы трагедияны зерттеді

Ақпан 5, 2026 - 10:24
Ақпан 5, 2026 - 10:31
 0  40
«Нәтижесін келесі аптада баяндаймын»: Руслан Өтепбай Атыраудағы трагедияны зерттеді
Фото: politico.kz.

Тележурналист Руслан Өтепбай Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты арнайы зерттеу жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Атырауға жасаған сапарының аяқталғанын айтты. Оның сөзінше, ол Жангелдин ауылына арнайы барып, жоғалған отбасы ісіне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген.

«Атыраудағы соңғы күнім. Қала да, тұрғындары да ерекше әсер қалдырды. Бұл жаққа келуімнің басты себебі — Жангелдин ауылына барып, зерттеу жүргізу. Оның нәтижесін келесі аптада баяндаймын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Руслан Өтепбай алдағы жоспарымен бөлісіп, ертең Шымкентте қаскөйдің қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасынан сұхбат алатынын  да хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0