«Наурыз харам» деген блогердің пікіріне қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Наурыз 30, 2026 - 14:38
chat_bubble  0 visibility  1
«Наурыз харам» деген блогердің пікіріне қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

"Наурыз мейрамын тойлау қажет емес" деген блогердің пікірінен кейін Бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бас прокуратура өкілдері жалған ақпаратты таратуға және қоғамда алауыздық қоздыруға жол берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады.

"Атап айтқанда жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға және тек елімізде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлары тіркелді. Олар мұндай пікірді дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өздерінің жалған діни догмалармен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен сүйеніп айтқан. Мұндай мәлімдемелер Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституциясының қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беделін түсіреді", - дейді Бас прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ ведомстводағылар журналистер, блогерлер және ақпараттық алаң иелеріне үндеу жасады.

"Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды. Масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидаларын, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырамыз", - деді құзырлы орган өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0