«Назарбаев, кет!» ұранының авторы қамауға алынды

Ақпан 5, 2026 - 09:40
 0  53
«Назарбаев, кет!» ұранының авторы қамауға алынды
Фото: дереккөз

«Назарбаев, кет!» ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай ұсталды. Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедияров мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ермек Нарымбай Қырғызстанда қонақта жүрген кезінде ұсталып, сот шешімінсіз Қазақстанға депортацияланған.

«Қазақстан полициясы Ермек Нарымбайға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оған сот үкімі бойынша әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынғанына қарамастан, бұл талапты орындамаған деген айып тағылып отыр. Қазіргі уақытта ол Астанадағы полиция департаментінде отыр», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0