Назарбаев университетінде студенттің мәйіті табылды

Маусым 18, 2025 - 17:30
Назарбаев университетінде студенттің мәйіті табылды
Фото: buki-kz.com

Назарбаев университетінде студент қыздың өзін өзі өлтіру фактісі тіркелді. Бұл ақпаратты ішкі істер министрі Ержан Саденов растады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Журналистер оқиғаға қатысты нақты мәлімет сұрағанда, министр нақты жауап бермей, бұлыңғыр жауап қайтарды.

"Оның қашан болғанын білудің сіздерге не керегі бар? Мен, әрине, хабардармын", – деді ол.

Кейінірек министр студенттің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Бұл іс аясында тексеру жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда", – деді Саденов.

Университеттің ресми өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеген. Қайғылы жағдайдың нақты себептері әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow