«НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Сәуір 14, 2025 - 21:02
«НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды
фото: әлеуметтік желіден

Зорлық-зомбылық құрбандары туралы ақпарат тарататын «НеМолчиKZ» қорының басшысы Динара Смайылова (Дина Таңсәрі) Черногорияда ұсталды және таңға дейін уақытша ұстау изоляторында болады.

Бұл туралы Динараның өзі және қор өкілдері хабарлады.

− Мені жаңа ғана ұстап, Подгорицаның (Черногория астанасы — ред.) полиция бөліміне әкелді. Ертең экстрадиция бойынша сот өтеді. Бұл соттың қандай шешім шығарарын білмеймін, бірақ таңға дейін мені Черногория полициясында ұстайтынын айтты. Жалпы, ертең соттың шешімі белгілі болады. Мені не үшін ұстағанын білмеймін. Мені жай ғана сотқа әкелуге болар еді, бірақ таңға дейін осында ұстағылары келіп отыр. Достар, сіздердің қолдауларыңызды сұраймын. Мұның бәрі немен аяқталарын білмеймін, бірақ мені экстрадицияламайды деп үміттенемін, − деді ол әлеуметтік желідегі бейнеүндеуінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow