Тоқаев Ноғаевты Түркімен асырып жіберді

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Маусым 20, 2024 - 14:46
chat_bubble  0 visibility  120
Тоқаев Ноғаевты Түркімен асырып жіберді
фото: vlast.kz

Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Ол бұл қызметке дейін Маңғыстау облысының әкімі болған. Ал бұрынғы елші Асқар Тәжібаев лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұл қызметті Жанна Сартбаева атқарған болатын. Президент Жарлығымен ол да лауазымынан босатылды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 2
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0