Нұралы Әліп ойын алаңына шықпай-ақ 146 млн теңге тапты

Сәуір 14, 2025 - 11:07
Нұралы Әліп ойын алаңына шықпай-ақ 146 млн теңге тапты

Қазақстанның ұлттық құрамасы және ресейлік «Зенит» футбол командасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Ресей премьер-лигасының 24-туры аясында «Краснодармен» өткен ойында ірі есеппен (4:1) жеңіске жеткені үшін қомақты сыйақы алды. Бұл туралы 1bol.kz хабарлайды.

Маңызды матч алдында «Зенит» турнир кестесінде екінші орында болып, «Краснодардан» бес ұпайға артта келе жатқан болатын. Осыған байланысты Санкт-Петербург клубының басшылығы футболшыларға жеңіс үшін 110 мың еуро (шамамен 64,4 миллион теңге), ал үш немесе одан да көп доп айырмасымен жеңіске жетсе – 250 мың еуро (шамамен 146,5 миллион теңге) сыйақы беруге уәде еткен еді.

Нәтижесінде «Зенит» ойыншылары «максималды жоспарды» орындап, сенімді түрде жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп бұл матчта алаңға шыққан жоқ, ол қосалқы құрамда қалды. Соған қарамастан, оған да сыйақы толығымен төленеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow