Нұрай ісі: Шерхан Аймахан 10 млрд теңге өтемақы төлеуге келіспейтінін айтты

Тамыз 12, 2026 - 10:40
app_badging Тамыз 12, 2026 - 10:44
chat_bubble  0 visibility  8
Нұрай ісі: Шерхан Аймахан  10 млрд теңге  өтемақы төлеуге келіспейтінін айтты
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймахан оқиға бойынша өз жауабын берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол алдымен марқұмның отбасына көңіл айтып, болған жағдайға өкінетінін жеткізді. Айыпталушы жәбірленуші тарап талап еткен 15 миллион теңге материалдық шығынды өтеуге дайын екенін, алайда 10 миллиард теңге моральдық өтемақымен келіспейтінін айтты.

Аймаханның сөзінше, ол Нұраймен тойда танысып, кейін араласа бастаған. Екеуінің арасында қарым-қатынас болғанын және қызбен отбасы құруды жоспарлағанын жеткізді.

Айыпталушы 2025 жылғы 29 қыркүйекте Алматыға барып, Нұраймен кездескенін, ал 4 қазанда қыздың Алматыдан өз еркімен шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жол бойында бірнеше рет тоқтаған, Нұрайдың телефоны өзінде болған және көмек сұрауға мүмкіндігі болған.

«Нұрайдың телефоны жанында болды. Өз еркімен келе жатпаса, көмек сұрауына болар еді. Шымкентке келгеннен кейін көлік жууға да тоқтадық. Ол жерде де көмек сұрай алар еді», – деді Шерхан Аймахан сотта.

Айыпталушы болған жағдайға өмір бойы өкінетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0