«Өкпем қысылып, жүрегім сыздайды»: Нұрай Серікбайдың ағасы өкінішке толы жазба жариялады

Ақпан 18, 2026 - 10:53
Ақпан 18, 2026 - 11:22
 0  11
«Өкпем қысылып, жүрегім сыздайды»: Нұрай Серікбайдың ағасы өкінішке толы жазба жариялады
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасын еске алып, жан тебірентерлік  жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

«Жағдайың жақсы ма, Нұрайка? Нұрайка, ағаңды кешіре аласың ба? Кешірші мені,  кешіре алсаң, сені сақтай алмадым, қорғай алмадым. Сенсіз бұл жалған дүниеде маған ауа жұту қиындап барады. Өзіңді ойласам өкпем қысылып, жүрегім сыздайды. Дәл қазір "Қайғы-қасірет" деген сөздің әр әріпін сезініп, күйініп жатырмын. Мұңды, өте мұңды өмір...»,– деп Сұлтан Серікбай. 

Желі қолданушылары қайғы жұтқан ағасына демеу болып, қайғысымен ортақтасты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0