Оқушылар қашықтан оқуға жіберілді: Өскемен қою түтін құшағында қалды

Қазан 24, 2025 - 10:50
Қазан 24, 2025 - 11:51
Оқушылар қашықтан оқуға жіберілді: Өскемен қою түтін құшағында қалды

Өскемен тағы да қою түтін құшағында қалды.

31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, экологтар ауа құрамында улы заттардың үш есе артқанын анықтаған. 

“Экология департаменті мамандары біздің қалада орналасқан ірі кәсіпорындарына барды. Ауа сапасын тексеру бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесі бойынша біз қала әкімшілігіне департамент атынан ұсыныс енгіземіз. Ұсыныс бойынша халыққа дұрыс хабарлама жеткізу. Балалардың далаға шығуы бойынша шара қабылдау”, – деп мәлімдеді ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов.

Мамандардың айтуынша, атмосферада күкірт диоксидінің мөлшері 2,9, ал күкіртсутегі нормадан 1,8 есе артқан. Тыныс жолдарына қауіпті жағдайға қатысты жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде наразылық білдіріп жатыр. Метеожағдайдың денсаулыққа қауіпті екенін “Қазгидромед” мамандары да растап отыр.

Осылайша, “Қазгидромет” РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының ресми хаты негізінде және қала әкімдігі мен білім басқармасының келісімі бойынша оқушыларды қашықтан оқуға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

“II дәрежелі ұзақ қолайсыз метеожағдайларға (ҰМУ) байланысты 2025 жылғы 24 қазанда Өскемен қаласының барлық мектептерінде оқыту қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады”, – деп мәлімдеді ведомство.

Мезі болған тұрғындар қала аумағындағы ірі кәсіпорындарды көшірсек мәселе шешіледі деп отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow