«Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатып кетті»: Динара Сәтжан журналистің сынына ұшырады
Белгілі журналист, тележүргізуші Ертай Нүсіпжанов қоғамда соңғы кездері қызу талқыланып жатқан Мөлдір Мұқан туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
«Тұрсынбекті төпелей бермей таяқтың екінші ұшына қараңыздар. Екеуінің айрандай ұйып отырған отбасына аяқ сұққан кім? Әйел! Егер ол «көзін сүзбесе», Тұрсынбек «жібін үзбес» пе еді?
Бір тележүргізуші кәсіпкермен отасқанда оларға бақыт тілеп, жаппай құттықтап құтыртқан кімдер еді? Әйелдер! Сол кезде ол да бір үйдің «Мөлдірін» жылатпап па еді? Ол кімге үлгі?
Жалпы отбасы, бала-шағасы бар еркекке көз сүзгенді әйел деуге болмайды. Талайды қан жылатқан — жылан. Әй, әйелдер-ай, әйелдер», — деп жазды журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?