«Ол Ұлдананың құрбысы болған жоқ»: Әділет Зейнел елді шулатқан қауесетке нүкте қойды

Тамыз 7, 2026 - 11:56
chat_bubble  0 visibility  17
«Ол Ұлдананың құрбысы болған жоқ»: Әділет Зейнел елді шулатқан қауесетке нүкте қойды
Фото: instagram.com/greid_shyryn_restaurant

Қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнел қазіргі әйелі туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әділет Зейнел қазіргі жұбайымен биыл көктемде танысқанын айтты. Оның сөзінше, екеуінің араласқаны сәуір айының соңында басталған.

«Ол да жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеген. Бірақ әлеуметтік желіде тарап жатқандай, Ұлдананың құрбысы болған жоқ. Екі жылдың ішінде олар тек бір рет қана бірге ауысымға шыққан. Бір-бірін тек әріптес ретінде ғана таныған», – деді ол.

Әділеттің айтуынша, жаңа жары қайғылы оқиғадан кейін өмірге деген сенімін қайта қалыптастыруға көмектескен.

«Бүгінгі күліп жүргеніме, өмірге қайта құлшыныс тапқаныма анамның, Алланың және қазіргі жарымның үлесі зор. Ол маған қайтадан алға ұмтылуға күш берді. Енді бірге жаңа мақсаттарға жеткіміз келеді», – деді ол.

Сондай-ақ Әділет әлеуметтік желіде тарап жүрген жұбайының жүктілігіне қатысты әңгімелерге нақты жауап бермей, егер бұл рас болса, оны өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы ретінде қабылдайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0