Олигарх Александр Белович «Қаңтар оқиғасын» қаржыландырған - БАҚ (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде бизнесмен және олигарх Александр Беловичтің 2022 жылғы Қаңтар оқиғаcы кезінде тәртіпсіздіктерді қаржыландырғаны жөнінде ақпарат тарады, деп жазады sadaq.kz.
Бұл туралы сотта оның бұрынғы сүйіктісі Лилия Аношина мәлімдеген. Аталған дерек Kozachkovoffside телеграм каналында жарияланды. Онда Аношина Беловичтің жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы болуы мүмкін екенін айтқан делінген.
Дегенмен, бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Мемлекеттік органдар мен тәуелсіз ақпарат көздері тарапынан Беловичке қатысты мұндай айыптаулар жөнінде ресми мәлімдемелер жасалған жоқ.
Айта кетейік, Лилия Аношинаның аты бұған дейін алаяқтық және мүлік дауларына қатысты істерде аталғаны белгілі.
Сіздің реакцияңыз қандай?