«Өлтіремін, балаңды енді көрмейсің»: Желіде тағы бір сталкердің бетпердесі ашылды
Threads әлеуметтік желісінде Анель Аманғалиева есімді келіншек өзінің жан айқайымен бөлісті. Оның айтуынша, бұрынғы жары, IT-кәсіпкер Мәлік Біләл жарты жыл бойы оны аңдып, өліммен қорқытып, маза бермей келеді. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.
Әйелге жазған хаттарында «Балаңды соңғы рет құшақтап қал», «Сені де, өзімді де өлтіремін» деп қоқан-лоққы жасайды. Ең сұмдығы – ол «маған ақшам да, өмірім де бәрібір» деп ашық жазады. Яғни, адам ештеңеден қорықпайтынын, кез келген сорақылыққа бара алатынын айтуда.
Анельдің айтуынша, бұл азамат мектептерде жасанды интеллект сабақтарын енгізу жобаларына қатысып, Shoqan мектебі мен Astana Hub секілді ірі платформалармен байланысты. Желі қолданушыларында «Өз баласына қауіп төндірген адам бөтен балаларға не үйретеді?» деген сұрақ туындайды.
Жәбірленуші Мәліктің бұл әрекеттері «сериялық» сипатқа ие екенін алға тартты. Оның жазбасының астында өзге де қыздар байланысқа шығып, Мәлік Біләлдің оларды түрлі аккаунттармен аңдып, тыныштық бермегенін жеткізген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0