«Өмірде бәрі болады»: Ауруханадағы анасының жанынан табылмаған Құралай Нұрқаділова күтпеген мәлімдеме жасады

Құралай Нұрқаділова анасының өлімі оған қалай әсер еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Танымал дизайнер бұған дейін ел алдында не себепті көрінбей кетуінің себебін түсіндірді.
«Бірнеше ай бұрын, анамды жолғатқаннан кейін өмірімнің мәнін жоғалттым. Сол себепті мен желіде көрінбей кеттім. Маған ештеңе қызық болмай қалды. Мен 90 жылдардан бастап қолға алған нәрселердің бәрі анама арналыпты. Қазір мен ата-анамның үлкен пәтерінде отырмын, міне көргендеріңіздей үлкен дастархан тұр.
Менің анам нағыз арқасүйер ақылшы, сырлас дос, мықты әйел болған. Әкем басқа әйелге кеткеннен кейін ол жалғыз қалды. Иә, бұл өмір, өмірде бәрі болады. Сол кезде ол осы пәтерде жалғыз қалды. Сол кезде мен өзіме шешім қабылдадым, барлық жасағанымның бәрін анама арнаймын дедім. Сол себепті мен одан басқа мақсатты білмеппін.
Мен талай адамды осындай күйден шығарсам да, өз-өзіме шамам жетпеді. Бұл өте қорқынышты жағдай. Не істеріңді білмей, қандай мақсат қоярыңды білмеу деген өте қиын жағдай. Қазір туған-туыстар қайта араласа бастады.
Анам осылай ауыра бастады, бәрі Алланың қолында, адамның қай күні дәм-тұзы таусыларын тек Алла біледі. Сосын олар, менің құрбыларым маған көмектесіп, қолдау көрсете бастады. Мен тек қазір ғана өзім үшін өмір сүрудің не екенін түсіне бастадым. Қазір алдарыңызда мүлдем басқа Құралай отыр. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет», — деп сөзін түйіндеді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






