Жеті жасар баланың тілін кесіп алмақ болған: Павлодарда сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Павлодарда мектеп оқушылары 7 жасар балаға шабуылдап, тілін кесіп алмақ болған.
Оқиға 9 желтоқсанда болған.
"Шамамен 10 жастағы екі бала ұлыма шабуыл жасап, жерге құлатқан. Біреуі ұстап тұрған, екіншісі басы мен денесінен тепкен. Содан кейін біреуі қайшыны суырып алып, тілін кесе бастаған. Ұлым қашып үлгеріп, үйдің кіреберісіне қарай жүгірген. Олар оның артынан қуған, бірақ ол домофонды басып, ғимаратқа кіріп үлгерген", – дейді баланың анасы.
Облыстық денсаулық сақтау департаменті жарақат алған баланың Павлодар облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілгенін нақтылады. Алғашқы тексеріс кезінде дәрігерлер ми шайқалуын, жоғарғы және төменгі ерін сыдырылулар мен көгерулерді, сондай-ақ тілдің ұшындағы сыдырылуды, сөйлеу қабілетінің бұзылғанын анықтады.
"Науқас жарақат бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты, бірақ орташа ауырлықта. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау департаменті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
1