Оңтүстік Корея Президенті Тоқаевқа қазақша алғыс білдірді

Тамыз 12, 2026 - 12:46
chat_bubble  0 visibility  2
Оңтүстік Корея Президенті Тоқаевқа қазақша алғыс білдірді
Фото: trendnews.kz

Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён қылмыстық топ мүшелерін ұстауға және оларды жедел түрде еліне қайтаруға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алғыс білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Оңтүстік Корея басшысы X әлеуметтік желісіндегі жазбасында жазды.

"Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға жасырын кіріп, біздің азаматтарымызға қарсы телефон алаяқтығын жасаған Корея Республикасының ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жергілікті жерде ұсталғаннан кейін 2 апта өткен соң толықтай елге қайтарылып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деді ол.

Ол Корея Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне қатер төндіретін қылмысқа қарсы ешқандай ерекшелік жасалмайтынын айтты.

"Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және тиісті тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Келесі айда өтетін «Корея Республикасы — Орталық Азия» саммитінде тікелей жүздесіп, алғысымызды жеке жеткізуге мүмкіндік болады деп сенеміз. Корея Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне қатер төндіретін қылмыстарға қарсы ешқандай ерекшелік жасалмайды. Қай жерде жасырынса да, оларды соңына дейін іздеп тауып, міндетті түрде заң алдында жауапқа тартамыз", — деп жазды Ли Чжэ Мён.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0