Оңтүстік Кореяда Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі өтіп жатыр
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды kazinform.kz.
Аталған кездесу әлемдік екі державаның қарым-қатынасын оңтайландыра түсуі керек, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Екіжақты кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Астана уақыта бойынша таңғы 07:00-де) Оңтүстік Кореяның Кимхэ авиабазасында басталды.
Си Цзиньпин мұнда Трамптың алдында Азия –Тынық Мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін келді. Трамп пен Си Цзиньпин залға қарма-қарсы екі есіктен кіріп, АҚШ пен Қытай туларының жанында тұрып, бір-бірімен қол алысты. Екі көшбасшы да БАҚ үшін шағын мәлімдеме жасады.
Трамп өзінің қысқа үндеуінде оның Си Цзиньпинмен қарым-қатынасы жақсы екенін атап өтті, деп хабарлайды CBS News.
Мен бүгінгі кездесуіміздің сәтті болатынына күмән туғызбаймын. Алайда ол өте қатаң келіссөз жүргізуші. Бұл әрине, жақсы емес,-деді Дональд Трамп.
Қытай көшбасшысымен кездесудің алдында Трамп «мен үшін досыммен кездесу үлкен мәртебе» деген болатын, деп хабарлайды NBC News. - Біз кейбір мәселені тақыладық. Меніңше, біз олардың көбі бойынша келісімге келдік, қазір тағы бір шаруаны келісіп жатырмыз, - деді Дональд Трамп.
Төраға Си ұлы елдің ұлы көшбасшысы. Біздің арамызда ұзақ жылдар бойы керемет қарым-қатынас болады және біз үшін арамызда сіздерді көру үлкен мәртебе, - деп жалғастырды АҚШ президенті.
Си Цзиньпин болса «мен де сізбен жүздескеніме қуаныштымын», деді.
Қытай көшбасшысының сөзін NBC News келтірді. Қытай көшбашысы жыл басынан бері өзінің Трамппен үш рет телефон арқылы сөйлескенін, бірнеше рет хат алмасып, «тығыз қарым-қатынаста» болғанын жеткізді.
Олардың жетекшілігімен «Қытай-АҚШ қарым-қатынастары жалпы алғанда тұрақты болып келді».
Си Цзиньпин өткен аптада АҚШ пен Қытайдың сауда делегацияларының арасында Малайзияда ол жеткізілген консенсус бүгінгі кездесуге қажетті шарттар қалыптастырғанын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?