Оңтүстіктегі үш қалада ресейлік мектептер салынады: Елші нақты жоспарды жариялады

Ақпан 13, 2026 - 10:18
Ақпан 13, 2026 - 10:19
 0  2
Оңтүстіктегі үш қалада ресейлік мектептер салынады: Елші нақты жоспарды жариялады

Қазақстан мен Ресей арасындағы білім саласындағы жобалар жаңа қарқын алуда. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, Алматы іргесіндегі «Сириус» кешені мен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі жаңа мектептердің құрылысы бойынша барлық құжаттар небәрі 3 айда реттелген. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Елші мектептер салынатын нақты аймақтарды атап өтті. «Ресейлік мектептер Қызылорда, Тараз және Түркістанда салынады. Бұл «өзара тиімділік» (взаимность) негізінде жасалып жатқан жоба: Қазақстан да Ресейде үш мектеп салуы тиіс», — деп нақтылады елші. Атап айтсақ, Қазақстан тарапы Омбы, Астрахан және Орынбор қалаларында үш қазақ мектебін салуы тиіс.

Елші ресейлік мектептерде тек тіл емес, нақты ғылымдарға басымдық берілетінін жеткізді:

«Әрине, онда орыс тілін оқытуға екпін қойылады, бірақ тек оған ғана емес. Қазақстандық достарымыздың сұранысын ескере отырып, басты акцент математика, физика және химияға жасалады»,— деді Бородавкин.

Бородавкиннің пайымдауынша, бұл мектеп түлектері кейін Қазақстанда ашылып жатқан ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарында білімін жалғастыра алады. Қазірдің өзінде елімізде МИФИ, Губкин атындағы мұнай және газ университеті, Менделеев университеті сияқты 8 филиал жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін Ресей елшісі Қазақстандағы тіл мәселесі мен жаңа Конституция туралы не дегенін мына жерден оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0