«Орыс тілі ресми статусқа ие»: Ресей елшісі Тоқаевтың бастамасына тәнті болды
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» арнасына берген сұхбатында еліміздегі тіл мәселесі мен білім саласындағы өзгерістерге тоқталды. Елшінің айтуынша, Мәскеу Қазақстанның тіл саясатына «өте риза».
Елші Қазақстан Конституциясында орыс тілінің ресми мәртебесінің сақталуын жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұл — екі ел арасындағы достықтың айқын белгісі.
«Жаңартылған негізгі заңда орыс тілінің ресми мәртебесі сақталғанын атап өткім келеді. Бұл — орыс тілі Қазақстанда өз мәртебесін сақтайтыны туралы өте позитивті сигнал», — деді Бородавкин.
Елші бұл бағыттағы жұмыстар тоқтап қалмайтынына сенімді. Оның ойынша, орыс тілі тек Қазақстанда емес, бүкіл ТМД және әлемдік кеңістікте бұрынғыдан да үлкен маңызға ие бола бастайды.
«Орыс тілі Қазақстанның бастамасымен СНТ (ТМД) кеңістігінде, тіпті әлемде бұдан да зор маңызға ие болады деп ойлаймын», — деп түйіндеді елші.
Елші сонымен қатар халықаралық орыс тілі ұйымын құру идеясы тікелей Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі екенін атап өтіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орыс тілін халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Айта кететіні, Елші Бородавкин «ресми мәртебе» деген терминді қолданғанымен, орыс тілінің «ресми тіл» деген жеке заңдық статусы жоқ, ол тек мемлекеттік тілмен қатар қолданылу құқығына ие.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0