Оралда 12 жастағы қыз көз жұмды: тексеріс басталды

Шілде 3, 2026 - 15:39
chat_bubble  0 visibility  2
Оралда 12 жастағы қыз көз жұмды: тексеріс басталды
Фото: Pixabay

Орал қаласында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 12 жастағы Дәмелі Абдрахманова қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Туыстарының сөзіне қарағанда, қыз бала ауруханаға 28 маусым күні түскен. Оған іріңді баспа диагнозы қойылып, палатаға жатқызылған. Келесі күні жағдайы күрт нашарлап, көз жұмған. 

Туыстары қыздың өліміне медицина қызметкерлерінің салғырттығы мен жайбасарлығы себеп болған деп есептейді. 

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Kazinform тілшісі БҚО денсаулық сақтау басқармасына арнайы сауал жолдаған еді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде тексеру жүргізіліп жатыр.

— Сот-медициналық сараптама әлі аяқталмағандықтан, өлімнің нақты себебі анықталған жоқ. Ресми ақпарат сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін берілетін болады, — делінген жауапта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0